Қарақұм жалпы білім беретін мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті.
Қарақұм мектебінде оқушылардың құқықбұзушылыққа жол бермеуі және бала қауіпсіздігі тақырыбында ұлдар мен әкелер арасында арнайы отырыс ұйымдастырылды.
Кездесуге мектеп директоры Ж. Бисенгалиева, МДЖО З. Бегенова, сынып жетекшілер мен учаскелік полиция инспекторы Н. Токташов қатысты.
Күн тәртібінде:
– құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары,
– жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік,
– ата-ана мен мектеп арасындағы бірлескен жұмыс мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, 10–15 сәуір аралығында “Жасөспірім” жедел профилактикалық рейдтік шарасының өтіп жатқандығы айтылып, оның маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер – бала тәрбиесінде ата-ана мен мектептің тығыз байланысын нығайта түседі.