“Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында құқықтық сабақ өтті
Мектебімізде құқық пәні мұғалімі Ғизатқызы Мөлдірдің ұйымдастыруымен “Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында құқықтық сабақ өтті.


Сабақтың мақсаты – оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға деген құрметті арттыру. Іс-шара барысында оқушылар заң талаптары, құқықтық нормалар және әлеуметтік жауапкершілік туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, түрлі жағдайлар талқыланып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу жүргізілді.
? Құқықтық сауаттылық – азаматтық жауапкершіліктің негізі! ?

