«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" КММ
Іс-шаралар

Құқық бұзушылықтың алдын алуда ұйымдастырылған және “Жігер” ұлдар ұйымының алғашқы отырысы өтті.

«Қарақұм жалпы білім беретін мектебі» КММ Құқық бұзушылықтың алдын алуда ұйымдастырылған және “Жігер” ұлдар ұйымының алғашқы отырысы өтті.

Қатысқандар: сынып жетекшілер, ДТЖЖО З.Бегенова, мектеп инспекторы С.Тайтуров, Бейнеу ауданы ПБ Боранқұл КПБ ТКЕК қызметінің полиция кіші сержанты Дарьябаев Нұрлан Амангелдивич, ұлдар ұйымының жетекшісі Ж.Жазмұханов, «Боранқұл ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің бас маманы С.Өтепов.

Күн тәртібінде:

«Жігер» ұйымы ұлдар ұйымының жылдық жоспарымен таныстыру.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы бұйрықтар мен іс-шара жоспарларын бекіту. «Түнгі рейд» жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелері, мектептің ішкі ережесі мен сынып сағаттарын ұйымдастыру.
Мектеп формасы, оқушылар арасындағы буллинг, жаппай төбелестер, сабаққа және сабақ арасында кешікпеу туралы тақырыптар басты назарда болды.

    Мектепшілік жиналыстың күн тәртібінде қаралатын барлық мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З.Бегенова таныстырып өтті.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұлдар ұйымының жетекшісі Ж.Жазмұханов «Жігер» ұлдар ұйымының жылдық жоспарымен таныстырып, ұл балалардың бойындағы қадір-қасиеттерді сипаттайтын, қоғамдық орында өздерін қалай ұстау керектігі туралы айтып өтті.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Бейнеу АПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты С.Тайтуров жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кешкі мезгілде бала еңбегін қанау, бала құқығының бұзылуын анықтау, қаңғыбастық пен қараусыздықтың алдын алу туралы сөз сөйлеп, «Буллингтың алдын алу», «Жолдағы қауіпсіздік» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамадан соң мектеп мектеп ішіндегі ұлдармен сұхбат жүргізіп, сұрақ-жауаптарға ұласты.

    Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З.Бегенова 2024-2025 оқу жылының басталу қарсаңында балалардың өмір қауіпсіздігіне аландаушылық негізінде «Жеке қауіпсіздік» сабақтары өтетіндігі туралы атап өтті. Мектептің ішкі ережесімен таныстыра келе, мектепте ұялы телефон ұстауға болмайтындығы жөнінде ескертті. Осы мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Бегенова таныстырып өтті.
    Олар:

    1 Мектеп оқушыларының жағдайлары оқу жылының аяғына дейін бала өміріне қауіп тудыратын жазатайым жағдайлардың болмауы үшін және алдын алу мақсатында барлық сыныптарда оқушыларға қолайлы түсіндірме сағаттары жүргізілді.

    2 Интернет желісі арқылы сабақ оқу кезеңінде оқушылардың тиым салынған бала өміріне қауіп тудыратын сайттарға кірмеуін қадағалау туралы ата-аналарға үнемі ескертіп отыру, сынып жетекшілеріне міндеттелді.

    3 Іс-шара бойынша мәліметі, фото, видеолары білім беру ұйымының әлеуметтік парақшасына жүктеледі.

    Осы бұйрықтың орындалуы ДТІЖО З.Бегеноваға міндеттелді.

      Ағымдағы мәселелер бойынша «Боранқұл ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің бас маманы С.Өтепов
      жиналыста қозғалып жатырған тақырыптарға, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзімен бастап өз ойын білдіріп өтті. Тәуелсіз елімізде құқықтық сауаттылықты арттырып, құқықтық мәдениеттің дамуы жылжып келеді. Өздеріңізге мәлім тәртіп бар жерде түрлі құқықбұзушылық белеі алмайды деді.